Анашым катты жаксы коремин сизди ✅Ертеде бір бала алма ағашымен айырылмастай дос болыпты. Олар күнұзақ бірге болып, күндерін ылғида бірге өткізеді екен. Бала шаршаса оның тасасын паналайды, қарны ашса жемісін жиді, іші пысқанда оның үстіне өрмелеп ойнайды екен. Осылай күндер зырғып, жылдар жылжып өте береді. Әлгі бала есейіп, ер жетіп өз ортасын тауып, үйленіп өз теңін табады.
Оның бала кездегі алма ағашына баратын уақытыда болмайды. Ал алма ағашы баланы қатты сағынады. Уақыт жылжып күндердің бір күнінде бала алма ағашына келеді. Алма ағашы қатты қуанып:
-Кел баяғы күндердегідей ойнайық, мінекей менің жемісімде же, - дейді. Бала:
-Қандай ойын,мен ойнайтын жастан өттім. Қазір мен үйлендім. Маған сенің жемісің керек емес,0сен маған ақша берші, -дейді. Алма ағашы:
-Мендегі қандай ақша, оданда сен менің жемісімді теріп алып оны сатып ақша қыл,-дейді. Бала ағаштың барлық жемісін теріп алып, кете барады. Алма ағашы жалғызсырап тағы қалады. Уақыт өтіп бала алма ағашына тағы келеді. Алма ағашы қатты қуанып:
-Кел баяғы күндердегідей ойнайық,-дейді. Бала:
-Қайдағы ойын мен қазір әке атандым, маған үй керек, -дейді. Алма ағашы:
-Мен не істей аламын? Сен менің бұтақтарымды жинап алып содан үй салып ал,-дейді. Бала ағаштың барлық бұтағын шауып алып кете барады. Арада тағы біраз жыл өткен соң бала ағаштың қасына тағы келеді. Ағаш қатты қуанып:
-Кел баяғыдай ойнайық,-дейді. Бала:
-Қандай ойын,мен қазір елағасы болдым. Маған қайық керек өзге елге барып деп алғым келеді,-деді. Ағаш:
-Мен не істей аламын? Сен менің кеудемді алып одан қайық жасап ал,-дейді. Бала ағштың ортан белінен шауып алып кете барады. Арада тағы біраз жыл өткен соң бала алма ағашына қайдан келеді. Алма ағашы:
-Менің саған берер жемісім жоқ.
-Оны жейтін менде тісте жоқ.
-Менің саған берер бұтақтарымда, кеудемде жоқ.
-Менің оларды алатындай күш қуатым жоқ, тек саған сүйеніп отырсам жетеді,-дейді қартайып қалған бала. Алма ағашы:
-Кел отыр,-деп шақырады.
Бала алма ағашына сүйкеніп отыра кетеді ,алма ағашы еңкілдеп жылап қоя береді.
Бұл оқиғада баяндалған алма ағашы біздің анамыз. Біз кішкетайымызда әркез оның қасында болдық, есейіп ер жеткен соң тіпті хәлін сұрауға уақытымыз болмады, ал өзіміз жеке үй болғанда анамызды ойлайтында уақыт болмады. Бауырлар осы жарық дүниеге әкелген аналарымызды құрметтейік, олар мәңгі біздің қасымызда болмайды ғой.